дау дамайсыз телефон номері бадарламасы

Дау дамайсыз телефон номері ба?дарламасы

«Дау-дамайсыз» бағдарламасы көздегеніне жетті! Гүлмира Әбіқай және Жазира Бегалы – қос тілшінің қолына тапсырып берген аталмыш жоба барлық әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, жұрт назарын өзіне аудара білді. Аударып қана қоймай, қаралым жағынан өзге бағдарламаларды шаң қаптырды деуге болады. Назарыңызға қаралымы миллионнан асып жығылатын ең атышулы шығарылымдарды ұсынамыз.

Астарлы ақиқат. Атышулы шығарылымдар

2020 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформасы күтіледі

Наташа Королева: Алматы – тағдырыма таңба салған қала

Араққа салынған ана

Алматы облысы, Ұзынағаш аулының тұрғыны Н. Шектібаева редакцияға жан шошытарлық бейне жазба жолдады. Онда сіңілісі маскүнемдікке салынып кеткенін, оның кәмелеттік жасқа толмаған үш баласы қараусыз қалғанын, 8 жасар қызы сабаққа оқымайтыны жеткізген. Сондай-ақ, хат иесі редакциядан өзінің сіңілісін мәжбүрлі түрде алькогольдік тәуелділіктен емдеуге қол ұшын созуын сұрады. Журналист Гүлмира Әбіқай қоғам дертіне бей-жай қарамай, үш баланың анасына көмекке аттанды.

Туған қызына пышақ сұққан

Кейіпкеріміз Меруерт алты баланың анасы. Жетіншісіне аяғы ауыр. Отбасымен Жәркенттен Алматыны жағалап келгелі бесінші жыл. Өзі сынды сырттан келген қазағы көп қала шетіндегі «Шаңырақ» ықшам ауданында пәтер жалдап тұрады. Енді ол үйден де безіп далада жүр. Бір оқиға бір оқиғадан сорақы. Алматыда төбе шашты тік тұрғызатын оқиға. Маскүнем әке жасөспірім қызына пышақ сілтеп ол ауруханада жатыр, бұдан бөлек 11 жасар қызында ұрған. Онсыз да әйелін ұрып-соғып күн көрсетпейтін маскүнем әкеге қандай жаза бар?

Баладан безген ана

Баладан безген ана. Түркістан облысы, Созақ ауданының тұрғыны Нұрғали Тұрлыбеков редакцияға жанұшыра хабарласты. Әйелі Д. Оспанова кенжесі 5 айында кәмелеттік жасқа толмаған 4 баланы тастап басы ауған жаққа кетіп қалғанын жеткізді. Бардық, көрдік, анасыз қалған 4 балаға барынша заңдық қолдау беруге тырыстық. Виртуалды өмірдің қызығымен кеткен 4 баланың анасын таптық. Алайда, біз ұсынған көмектен бас тартты. Енді мұндай анаға кешірім жоқ! Баладан безген ана алимент төлейтін болды және ата-ана құқынан айырылды.

Қара жұмысқа жегілген қыздың тағдыры

Тастаған баласын 10 жылдан кейін тартып алмақ

Гүлмира Әбіқай, «Дау-дамайсыз» бағдарламасының тілшісі:

— Құрметті қазақстандықтар! Ең алдымен, көрермендеріміз, міне, Жаңа жыл табалдырығымыздан аттады. 2020 жыл жер бетіндегі барлық адамзатқа денсаулық, амандық, береке, әсіресе балаларға шаттық көңіл күй, мейірім тілегім келеді. Себебі, біздің бағдарламамызда көбінесе, байқасаңыздар, мейірім жетіспейді. Қатыгездік, қаскөйлік жоқ емес. Адам болып жаратылған соң, біз балаларға деген жауапкершілік, мейіріміміз болуы тиіс. Ата-анаға деген мейірім болуы керек. Сондықтан сәл, кішкене болса да, мейірімді болса екен адамдар. «Мейірім бермеген баладан қайырым күтпе» дейді. Бір-бірімізге деген көңіліміз ашық болсын. Іште өкпе, сыр, реніш жинамайық. Айналаңыздағы адамдарды жақсы көрсеңіз, оған сенемін деп айтыңыз, ертең кеш болып қалмасын. Өкінбейтіндей ғұмыр кешейік. Барлық қазақ, алты Алаштың баласы аман болсын дегім келеді. Жаңа жыл құтты болсын!

Жазира Бегалы, «Дау-дамайсыз» бағдарламасының тілшісі:

Источник

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *